Бас жаттықтырушы Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Маусым 29, 2024 - 11:15
Маусым 29, 2024 - 11:20
Бас жаттықтырушы Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуге ден қойды. Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақша сұрақ қойған тілшінің сауалына шамданған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.

Бүгін жеке әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын маман Қанат Тасыбеков ресейлік жаттықтырушының қазақ тілін үйренуге келгені жайлы жазды.

Тағы оқыңыз: Станислав Черчесовтің айына 44 млн теңге алатыны рас па?

Ситуативный казахский әдістемем бойынша бірінші сабақты өткіздік. Тілдерге деген қабылеті бар екен Станислав мырзада (неміс тілін өз бетімше оқып үйрендім деді мысалы), ал ең бастысы, қазақ тілді үйренуге ынтасы, ниеті бар адам екен. Олай болса, тәуекел, біз бастадық, сәттілік тілеп қойсаңыздар болады бізге, - деп жазды Қанат Тасыбеков.

Тағы оқыңыз: «Неге орысша сұрамайсыз?»: Черчесов қазақша сөйлеген журналиске шүйлікті

Қазақ тілін үйренуді бастағанын Станислав Черчесовтің өзі инстаграм парақшасында хабарлады.  Айта кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құрамада Магомед Адиевтің орнына келген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Stanislav Cherchesov (@stanislav.cherchesov.official)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow