«Елімізде сәләфизм шабуылының жаңа толқыны басталды» - дінтанушы

Бір ілімсіздікті тек ілім тоқтатады.

Сәуір 24, 2024 - 15:30
Сәуір 24, 2024 - 16:04
«Елімізде сәләфизм шабуылының жаңа толқыны басталды» - дінтанушы
Фото: ашық дереккөз

Дінтанушы Ернар Атаұлан елімізде сәләфизм уахабизмнің шарықтап дамып жатқанын мәлімдеді. Ол Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстанда сәләфизм ағымын экстремистік топқа жатқызуды ұсынды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Дін туралы жаңа заң дайын деп бірді екілі адамдар фб-да хабар берді. Сәләфизм уахабизмге заңмен сот шешімімен тыйым салынбаса әртүрлі заңнамалық акттердің эффектісі аз болады. Біздің елде шынымен олармен күресетін жүйе қалыптаспады. Ал, әр өңірлердегі оңалту жұмыстары өз арнасында ғана әркім өз білгенін жасауда. Сот шешімімен тыйым салынбайтыны анық сияқты, әр түрлі заңнамалық акт ойлап тапқанымызға қарағанда. Мен жалпы қоғамдағы журналистер болсын, басқа да белгілі адамдардан, тәңіршілерден де сәләфизмге қарсы мықты қарсылық, наразылық көріп тұрған жоқпын. Тек қана исламофобиялық әрекеттер. Ол әрекет дәстүрлі дін ұстанатын жамағат пен ұстанбайтын жамағат арасындағы тартыстарға ұласып жатыр. За кулисами сәләфизм шарықтап дамып жатыр. Иә, ҚМДБ-ға сын айту оның қарауындағы мешіттерге тас ату оңай, артында ірі мемлекеттер тұрған олардың қаржылары тұрған бір топқа сын айтудан көрі. Жалпы сәләфизм сияқты топпен күресудің екі жолын ғана көріп тұрмын өзім".

Дінтанушы өз жазбасында күрестің түріне кеңірек тоқталды.

"Бірінші, заңмен, сотпен сәләфизмді экстремистік топқа шығару. Екінші, үлкен жүйелі идеологиялық күресті жүргізу. Екеуінің біреуін таңдап алу ақтамайды. Екеуі қатар жүру керек. Ділмұратты, Алтай Берішті түрмеге мәңгіге жауып тастау да ақталмайды. Әбділуахаб идеясын таратушыларды 19 ғасырда басын шапса да, тоқтаған жоқ. Себебі, уақытылы, тез иедологиялық майдан бола қоймады. Оларды жеңген Мұхаммед Әли паша өзі Осман империясымен соғысып кетті. Бір ілімсіздікті тек ілім тоқтатады. Уағыздарымыздың бәрі эмоциялардың базарына айналып кетті. Одан қалса, интим әңгімелер, екі тас мұздатып тұрады деген сияқты. Бәрін тоқтатып, шама келсе микрофонды сенім, шариғат ілімінің иелеріне берейік. Сәләфизмның Қазақстанға шабуылының жаңа толқыны басталды", — деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow