Балаларды өзіне қол жұмсауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды – Бас прокурор

Қазан 1, 2024 - 16:50
Қазан 1, 2024 - 16:51
Балаларды өзіне қол жұмсауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды – Бас прокурор

Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді", - деп жазды "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow