«Азғындық жасаған»: Алматыда подполковник ұсталды

Ол он төрт жасар баламен кездесуге барып кездеспекші болған.

Наурыз 4, 2024 - 09:57
Наурыз 4, 2024 - 09:58
«Азғындық жасаған»: Алматыда подполковник ұсталды

Желіде педофилиямен айналысты деген күдікпен подполковник ұсталды деген ақпарат тараған еді. 
Осыған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Бұған дейін заңгер Айгүл Орынбек өзінің желідегі пақшасында «Бүгін әскери шені “подполковник” күдікке ілініпті деген ақпарат шықты. Ол он төрт жасар баламен кездесуге барып кездеспекші болған» деп жазған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow