Бұрынғы судья Светлана Жолманова ұсталды

Қазан 9, 2024 - 15:59
Бұрынғы судья Светлана Жолманова ұсталды

Бұрынғы судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жолманованы ұстау фактісін Алматы полиция департаменті растады.

«Медеу аудандық полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізілуде»,  деп түсіндірді Алматы полиция департаменті.

Біздің дереккөзіміз хабарлағандай полицияға жиырма шақты адам арызданған. Жәбірленушілердің бірі бұрынғы судьяға 120 мың доллар төлегенін айтады.

Жолмановаға қатысты сыбайлас жемқорлық жанжал 2022 жылы болған, сол кезде кәсіпкер оған «мәселе шешуге» жүгініп, миллион доллар мен 50 мың еуродан астам ақша берген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow