Алматы облысында үш жасар қызды әуеден де, су астынан да іздеп таба алмай жатыр
Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.
Алматы облысында үш жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.
Кеше Алматы облысының Куш ауылында 3 жасар қыз баланың жоғалғанын хабарлаған едік.
17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысы құтұқару қызметіне Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Ол сол күні 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып кеткен.
Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмысына 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер бетінен іздеді.
РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңгіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күш-құралдар оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша иісшіл иттерді пайдалана отырып іздеп жатыр.
Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.
Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін оқиға орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналасқан. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?