«Нұрлан Имам пәтуа шығаруды дұрыс меңгермеген» - теолог

Наурыз 4, 2024 - 10:18
Наурыз 4, 2024 - 10:19
«Нұрлан Имам пәтуа шығаруды дұрыс меңгермеген» - теолог
Фото: nurlanimam.kz

Белгілі исламтанушы, теолог Асқар Сабдин Нұрлан Имамның пәтуа шығаруды дұрыс меңгермегенін айтты. Ол бұл туралы «Адал адам» подкастында мәлімдеді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Нұрлан Имам норма яки пәтуа шығарудың жолдарын дұрыс меңгермеген. Бұған қатысты көптеген видео факті жетерлік. Қателік жасалуы мүмкін. Бірақ бұрысы дұрысынан көп болса, пәтуа беруге тыйым салынады», - деді ол.

Исламтанушының айтуынша, дінде охлократия деген үрдіс жалғасып жатыр. Яғни тобырдың билігі.

«Тобырдың талабына сәйкес ғалымдардың, діни өкілдердің әрекет етуі. Тобыр сізден эмоция сұраса, эмоция бересіз. Тобыр сізден норма сұраса, сіз норманы бересіз. Жеңіл түсіндірем деп жүргенде норма шығару бетімен кетуі мүмкін. Бәрі норманы өз қалауынша шығарып кетеді. Бұл ханафи масхабында жоқ дүние. Ол шет елден келген әдіс-тәсіл. Кез келген адамға, қатардағы жүрген сарбазға генерал погонын тағу деген сөз. Тұлғалар маңызды емес, тренд қазір маңызды. Кейде мағынасыздық адамдар үшін маңызды болады», - деді теолог.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow