Айгүл Иманбаева алғаш рет жолдасымен неке қию сәтін көрсетті (ВИДЕО)
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева 7-арнадағы «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, өзінің жеке өміріндегі ерекше видеоны көрсетті, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Ол жолдасымен неке қию рәсімінен алғаш рет көпшілікке көрсетті.
«Бұл – неке қию сәті. Лос-Анджелес қаласында палестиндіктердің мешітінде жаңа жыл қарсаңында некемізді қидық. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Әкемнің бұл дүниеде жоқ болғандықтан әкемнің орнына аманаттап мені жолдасыма ұлым тапсырды», - деді әнші.
Бағдарлама барысында Айгүл Иманбаева жолдасының есімі Ерлан екенін, ұлының оған тұрмысқа шығуға еш қарсылық білдірмегенін атап өтті.
Сонымен қатар, ол енесінің әнші екенін де айтты. Айгүл Иманбаева бүгінде «Айгүл» ансамблінің алғашқы солистерінің бірі Ақжан Жайсанбаеваның келіні екен. Бағдарламада әртістің енесімен бірге ән салып тұрған видеосы да көрсетілді.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?