«Түрмеден босат!»: Мешітте полицейлерге пышақ ала жүгірген молла жұрттың зәресін ұшырды (ВИДЕО)

Қыркүйек 2, 2024 - 12:46
Қыркүйек 2, 2024 - 13:23
«Түрмеден босат!»: Мешітте полицейлерге пышақ ала жүгірген молла жұрттың зәресін ұшырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жолдауын баяндап жатқан кезде, елордамыздың Сарыарқа ауданындағы мешітте пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін алды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Қолына пышақ ұстаған ер адам мешітке кіріп, әлдебір тұтқындарды түрмеден босатуды талап етті.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 арнасына шұғыл қоңырау түскен соң, полиция оқиға орнына жедел жетті. Жергілікті жерде 36 жастағы ер адам ұсталып, оның жанынан қолдан жасалған пышақ табылды. Кейіннен күдіктінің 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

orda.kz

Orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow