Әйелін сабады деп айыпталған қазақстандық дипломаттың үстінен іс қозғалды

Мамыр 10, 2024 - 15:09
Мамыр 10, 2024 - 15:10
Әйелін сабады деп айыпталған қазақстандық дипломаттың үстінен іс қозғалды

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

– Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow