Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады

Қараша 6, 2023 - 10:19
Қараша 10, 2023 - 00:17
Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана Халық әртісі атағын алған жас әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Бұл туралы өнерпаз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Димаш Құдайберген үй жануарына "Ғарышкер" деген ат қойған екен.

"Табиғаттың бұл ғажабын, яғни, тазының күшігін маған Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлады. Тазы - біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған "жеті қазынаның" бірі", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына ол. 

Димаш Құдайберген сондай-ақ "Қазақстанда тазы сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындатуға баса көңіл бөлініп жатқанына" қуанышты екенін жазды. 

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінде де тазы иті бар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow