«Расында да саяси бірдеңе келе жатыр ма?»: ШЫҰ қарсаңында «Oyan, Qazaqstan» белсендісі қамауға алынды

Шілде 3, 2024 - 11:28
Шілде 3, 2024 - 11:31
«Расында да саяси бірдеңе келе жатыр ма?»: ШЫҰ қарсаңында «Oyan, Qazaqstan» белсендісі қамауға алынды

 «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсендісі Бауыржан Әділханды полиция қызметкерлері Алматы әуежайында ұшаққа отырар алдында себепсіз ұстап әкеткен. Бұл туралы  «Oyan, Qazaqstan» өзінің instagram парақшасында хабарлады.

Жеке шаруаларымен Астанаға бара жатқан Бауыржан ұшаққа отырып жатқан кезінде ұсталған. Бұл жағдайды  «Oyan, Qazaqstan» ресми парақшасында Астанаға келген ШЫҰ мен Си Цзиньпиннің келуіне қарай ұстап отыр деп болжайды.  «Oyan, Qazaqstan» желіде Бауыржанды еш түсіндірусіз ұстағанын айтып отыр.

«Біздің пайымдауымыз бойынша, Бауыржанның ұсталуы Астанадағы ШЫҰ кездесуімем тұспа-тұс келгендіктен, яғни саяси себептермен ұйымдастырылған» деп хабарлады «Oyan, Qazaqstan».

Куәгерлердің айтуынша, оған әуежай қызметкерлері келіп, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Алматы каласының полиция басқармасында (Масанчи 57А) қамауда болған оны сағат 22:00-де жіберді. Бауыржан Әділханды кешкі сағат 22:00-де жіберген. Ол өзінің instagram парақшасында өзіне алаңдағандарға рахметін білдіріп, полиция қателескен секілді деген болжам айтты. Сондай-ақ, істің мән-жайын сұрау үшін ертең Түріксіб полиция басқармасына баратынын айтты. 

«Мен шықтым. Аманмын. Менде бәрі дұрыс. Полицияға рахмет мынадай 5 минуттың ішінде танымал қылғаны үшін. Бүкіл медия мен туралы болып кетті. Шынымды айтсам, білмеймін. Полиция мені біреумен шатастырып ұстаған секілді. Әлде, расында да саяси бірдеңе келе жатыр ма? Түсініксіз. Ертең сағат 11:00 де Түріксіб РОВД-сына барамын. Мені неге ұстап кеткендерін айтқан жоқ. Соған қарағанда полиция қызметкерлері өздері білмей тұр. «Қателесті ме?» деген ой болып тұр» деп жазды Бауыржан Әділхан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow