Аягөзде төрт бүлдіршін өрттен мерт болды

Қазан 26, 2023 - 08:15
Қазан 27, 2023 - 11:05
Аягөзде төрт бүлдіршін өрттен мерт болды

25 қазан күні Абай облысы Аягөз қаласында бір үйдің төрт баласы өрттен мерт болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растағандай, қайғылы оқиға кеше, 25 қазан күні таңертең болған. Оқиға туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған.

“2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақтағы жиһаз мен жеке заттар жанғаны анықталды.

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды.  Өлімнің себебі анықталып жатыр”,- деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow