Антикор бұрынғы әділет министрін ұстады
Антикоррупциялық қызмет Қазақстанның бұрынғы Әділет министрін ұстады, алайда, нақты тұлғаның атын атамады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
“Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді”,-дейді Агенттіктің ресми өкілі Арман Тлеукенов.
Атап өткеніміздей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет нақты қай экс-министрдің істі болып жатқанын атаған жоқ. Қаңтар оқиғасына дейін Қазақстанның Әділет министрі лауазымын Марат Бекетаев атқарған болаты.
Сіздің реакцияңыз қандай?