Польша оппозициясы сайлауда жеңгенін хабарлады

Қазанның 15-іне кешке Польшада қос палаталы парламент пен ұлттық референдум бойынша дауыс берудің негізгі уақыты тәмамдалды. Экзит-пол нәтижесіне қарағанда, "Әділет және құқық" басқаратын коалиция жеңілген. Оппозиция жетекшісі Дональд Туск жеңіске жеткенін хабарлады. Дауыс берушілердің 72,9 пайызы сайлауға келген. "Әділет және құқық" 36,8 пайыз, "Азаматтық платформа 31,6 пайыз", либерал-консеравтивті "Үшінші жол" коалициясы 13 пайыз дауыс алған. . "Солшылдар" — 8,6, конфедерация — 6,2 пайыз жинаған. Азаматтық платформа "Үшінші жолмен" және "Солшылдармен" бірге үкімет құруы мүмкін. Сайлаушыларға парламенттің төменгі палатасы - сеймге , жоғарғы палатасы - сенатқа және референдум мәселесі бойынша дауыс беретін үш карточка берілген. Референдумға мынадай сұрақтар ұсынылған: — Мемлекеттік активтерді шетел субъектілеріне сатуды қолдайсыз ба? — Зейнет жасын ұлғайтуды қолдайсыз ба? — Польша мен Беларусь шекарасындағы қабырғаны алып тастауды қолдайсыз ба? — Таяу Шығыс пен Еуропадан мыңдаған заңсыз иммигрант қабылдауды қолдайсыз ба? Референдум сұрақтарын оппозиция қатаң сынап, билік референдумды сайлаушылардың сайлауға көбірек келтіру үшін ойлап тапты деп мәлімдеген. "Азаматтық платформа" жетекшісі Дональд Туск жеңіске жеткен жағдайда референдум шешімінің күшін жоятынын айтқан. Оппозиция биліктегі коалицияны "Еуропамен интеграциядан бас тартты, оппозиция мен баспасөзді қуғындады, билікті узурпациялады" деп кінәлаған.   

Қазан 16, 2023 - 17:14
Қазан 16, 2023 - 17:33

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow