«Жақында той»: Анна Данченко жаңа жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды
Көпшілік оларды жұп ретінде көретінін жазған.
Танымал тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа сурет жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды massaget.
Анна Данченко тележүргізуші Руслан Өтепбаймен бірге түскен суретін жариялаған. "Руслан мырза екеумізді не байланыстырады? Кім табады? 3 дұрыс жауап бар", - деп жазған ол сурет астына.
Бұған журналистің оқырмандары түрлі пікір қалдырған. Бірі екеуін бір сала байланыстырады десе, енді бірі оларды жұп ретінде көретінін жазған.
"Жүректеріңіз байланысып тұрған шығар", "Жерлессіздер, Қызылорда облысы. Мамандықтарыңыз - журналистер. Бойдақсыздар", "Отау құра салыңыздар, сонда байланыстың бәрі болады", "О, жақында той", "Күшті жарасады екенсіздер", - деп жазған желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?