Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін балағаттап, ұрып-соқты (ВИДЕО)
Оқиға жолаушының жолақысын төлеуден бас тартуы салдарынан болған.
Атырау қаласында жолақысын төлеуден бас тартқан жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Дүйім жұрттың алдында жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне жұдырық ала жөнелген. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Кадрларда ашуға булыққан жолаушының жүргізуші кабинасына барып, есігін ашып, сабап жатқанын көруге болады. Бұл оқиға №22 бағыттағы автобуста орын алған.
«Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Арслан Ароновтың айтуынша, оқиға жолаушының жолақысын төлеуден бас тартуы салдарынан болған.
«Жүргізушінің бет-аузы мен көзі ісіп кетті. Жүргізуші полицияға арыз жазады. Бұзақы валидаторды да сындырып кеткен», - деді А.Аронов.
Полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсірді. Ол автобус жүргізушісін ұрғанын және валидаторды сындырғанын мойындап отыр. Енді ол заң алдында жауап береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?