«Бишімбаев сот залына смартфон алып кірген»
Қоғам белсендісі дабыл қақты (ВИДЕО)
Қоғам белсендісі Ислам Угушев өзінің Instagram-дағы парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысы кезінде телефон қолданғанын мәлімдеді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, сот залында телефон даусы шыққан кезде судья ескерту жасап, Бишімбаев сол сәтте телефонын дыбыссыз режимге қойған.
Угушевтің айтуынша, оның осы мәлімдемесі үшін полиция қызметкерлері үйіне келіп жауап алған.
Айта кетейік, Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?