Астанадағы Британ соты Байқоңырдағы Роскосмостың мүлкіне шектеу қойды
Ресейлік БАҚ беттерінде Астанадағы британ соты Байқоңырдағы Роскосмостың мүлкін шектеу қойды деген ақпарат шықты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Материалда ғарыш айлағының алдағы тағдыры қыл үстінде тұрғаны жазылған. Себебі Қазақстан Ресейден ебін тауып барынша көп ақша сығуға тырысып жатыр. Оған дәлел ретінде Байқоңырды жалға лау құнының өсуі, Роскосмостың мүлкінің тәркіленуі және бірлескен жобалардың кешіккені үшін қосымша өтемақы талап етуі секілді жайттарды сөз еткен. Бұл Байқоңырдың тағдырының біржолата шешіліп қойылғанынан хабар береді. Әрі бұл істің артында бір ғана Астана емес, Британия тұр деп жазған bezformata.com сайты.
Басылым кейінгі жылдары Қазақстан тарапының КСРО-дан қалған ортақ мұра Байқоңырға қатысты тәбетінің тым өсіп бара жатқанына қынжылыс білдіреді. Айтуларынша жалдау құны жылына 18 пайызға өсіп отыр. Дәлел ретінде Царград басылымының «Байқоңырды жалға алу құны 3 миллиард теңгеден астам сомаға өсті» деген дерегін келтіреді. Қазақстандық ғарыш айлағын жалға беру шарты 2050 жылға дейін жасалған, яғни Астананың әлі де көп қаражат шығарып алуға уақыты бар. Қазақ үкіметі ол үшін ақылға сыймайтын заңнамалық актілер ойлап тауып жатыр-мыс.
Айтуларынша, Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағы үшін Қазақтсанға бюджеттің 5 пайызы көлемінде қаржы бөліп отыр.
«Елестетіп көріңізші, КСРО-ның құқықтық мұрагері ретінде Ресейге тиесілі болуы тиіс. Қазақстан оны ұстауға бір тиын да жұмсамай, жалға алу үшін миллиардтаған қаржыны талап етеді. Және жыл сайын тәбеті өседі. Ал мұнда оның үстіне Қазақстан-Ресей зымыран кешенінің жобасы Қазақстанның өз кінәсінен баяулауда, бірақ Астана Ресейден өтемақы талап етіп отыр», - делінген мақалада.
Сонымен қатар, «Роскосмостың» мүлкін басып алу – мүлде басқа әңгіме екені британ соты дегенімен шешім қабылдаған органның өзі оның Қазақстан заңнамасы аясында болғанын жазған. Шешім Халықаралық «Астана» қаржы орталығының заңнамалары аясында қабылданғанымен артында англосаксондық топ мүддесі тұр-мыс.
Мақала соңында автор Ресей азаматтаның Байқоңырдан үдере көшіп жатқанына қынжылыс білдіреді.
Сіздің реакцияңыз қандай?