«Артында кішкентай қыздары қалды»: Атырауда құтқарушы қаза тапты

Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы.

Мамыр 15, 2024 - 15:38
Мамыр 15, 2024 - 15:41
«Артында кішкентай қыздары қалды»: Атырауда құтқарушы қаза тапты
Фото: atyrau_tjd
Атырау облысында денсаулық жағдайына байланысты құтқарушы қайтыс болды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы
15 мамырда Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Әбдіқасым Ілияс Мирамғалиұлы денсаулығына байланысты өмірден өтті.

«Әбдіқасым Ілияс азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарды. Қызмет барысында өзін сан қырлы жағынан көрсете білді. Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын. Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды. Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!», деп жазды Атырау облыстық ТЖД.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow