Ерке Есмахан қыз тууды жоспарлап отырғанын айтты

Жақында екінші ұлын дүниеге әкелген Ерке Есмахан бала күтімі мен үй шаруасына араласпайтынын айтты.

Қаңтар 26, 2024 - 10:55
Ерке Есмахан қыз тууды жоспарлап отырғанын айтты

"Мені шаршап жүр екен деп ойлап қалмаңыздар. Тұрмыс тіршілігімді толық айтып берейін. Негізі керек болса, бәрі қолымнан келеді. Бірақ жасамаймын. Еркемін еркелетеді өмір, ер жігіт еркелете біл деп бекер әндетпеппін кезінде. Ислам дүниеге келгелі үй жинап, кір жуып, киім үтіктеп, азық-түлікке барып, дәмді тамақ істеп, бар тірлікті істеп қоятын үй жұмысшысы бар. Муслимді сабаққа апарып жүретін жүргізушіміз бар. Бала күтушіміз де бар", - деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы бүгінде бар жағдайын жасап отырған жолдасына алғысын білдірді.

"Бар жағдайымызды жасап, отбасын асырап отырған адал табысты, несібесі мол, берекелі күйеуім ғана. Бар еркелеуім осы кімінің арқасында. Рахмет, жұмағым. Мен шынымен дым істемеймін. Кино көремін, шоппинг жасаймын, кітап оқимын және басқа да өзімнің жұмыстарым ғана. Менің міндетім үнемі Исламның қасында болып, оның уақытылы емізуім керек, күйеуімнің қас қабағына жауаптымын. Болды. Түк жасамайды екен деп шошымаңыздар. Әркімнің тіршілігі әр түрлі. Алла маған осындай бұйырыпты. Енді бұйыртса қыз тумасам болмас деп отырмын", - деп жазды Ерке Есмахан.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow