Астанада жатақхана өртеніп, бір адам жапа шекті

Маусым 17, 2024 - 09:35
Маусым 17, 2024 - 08:30
Астанада жатақхана өртеніп, бір адам жапа шекті
фото: видеодан скриншот

Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданының жатақханаға айналдырылған шатырлы үлгідегі екі қабатты үйдің жануын сөндірді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, нақтыланған ақпарат бойынша мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанған.

Өкінішке қарай, зардап шеккен бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow