Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды
Ол командасымен кетті.
Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінен кейін Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болы, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
ҚР бокс федерациясының мәліметінше, жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр.
Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус те лауазымынан босатылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?