Астана-Зеленстройдың бұрынғы басшысы қамауға алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директорын қамауға алды. Оған алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, қазіргі таңда «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Ол алаяқтық әрекеті мен қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 15 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.
Оған қоса, ол өз лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болған көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша атқарылған жұмыстардың құнын жоғарылатты деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?