Астанада еліміздің барлық аймақтарынан утилалымға қарсы белсенділер жиналды
Халықты алаңға шығуға итермелеп отырсыздар!
Астанада еліміздің барлық аймақтарынан утилалымға қарсы белсенділер жиналып, вице-премьер Скляр мен министр Шарлапаевтың отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Азаматтарға арналған үкімет ғимаратына жиналған жүздеген көлік иелері утилалымға қатысты үкіметтің жұмысын сынға алған. Сонымен қатар, азаматтық белсенділер өз, Құлсарыдағы наразылық акциясын қолдау білдірген.
Белсенділер құзырлы органдарға мынадай талаптар қойып отыр:
қайта өңдеу ақысын мүлдем алып тастау, ЕАЭО елдерінен, соның ішінде ең алдымен Армениядан әкелінетін көліктерді кедендік ресімдеуге мүмкіндік беру.
Ақтөбеден келген белсенді Еркебұлан Құлбасовтың айтуынша, қазіргі уақытта көлік – сән-салтанат немесе мақтаныш емес, қарапайым адамдардың нан тауып отырған құралы болып отыр.
Жиын басталғаннан кейін біраз уақыттан кейін Премьер-министр Бектенов және басқа да үкімет мүшелері утилалымға қарсы қарсы белсенділермен кездескен. Алайда бұл кездесуден нақты ештеңе шешілмегенге ұқсайды. Төмендегі видеодан үкімет мүшелерінің утилалым және алғашқы тіркеу деген желеумен алынып жатқан қаржының қайда жұмсалып жатқанын түсіндіре алмай тұрғанын байқауға болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?