«VIP бөлмеден скотч табылды»: Бишімбаев сотында адам шошырлық тағы бір дерек анықталды

Алайда сараптамада скотч қиындыларында Бишімбаевтың, Байжановтың да саусақ іздері түскені көрсетілген

Сәуір 17, 2024 - 15:05
Сәуір 17, 2024 - 15:06
«VIP бөлмеден скотч табылды»: Бишімбаев сотында адам шошырлық тағы бір дерек анықталды
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында іс материалдарында жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Адвокат Назкен Құсайынова №1 VIP бөлмеден табылған заттарға жүргізілген саусақ іздерінің нәтижесін оқыды. Атап айтқанда, ол жерден скотч табылды. Қуандық Бишімбаевтан жауап алу кезінде айыптаушы тарап скотчқа қатысты сұрақ қойды. Ал Бишімбаев оны көрмегенін және қолын тигізбегенін "мүмкін жұмысшылар тастап кеткен шығар" деп түсіндірді.

Алайда сараптамада скотч қиындыларында Бишімбаевтың, Байжановтың да саусақ іздері түскені көрсетілген

Одан бөлек, адвокат Игорь Вранчев айыпталушыдан "VIP-1-де оның саусақ іздерін және басқа да іздерді нашатырьмен кетірген жоқсыз ба?" деп сұрады.

"Мен тіпті нашатырьды қалай қолдану керегін де білмеймін, маған Байжанов көрсетті", - деді Бишімбаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow