«Самат Әбіш күтіп алды»: Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Қыркүйек 4, 2024 - 09:56
Қыркүйек 4, 2024 - 09:57
«Самат Әбіш күтіп алды»: Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты
фото: видеодан скриншот

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды бүгін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалды бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған болатын. Алайда сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырды.

Қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді ол Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді. Түрмеден оны шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow