Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды
Елорда көшелерінің бірінен бойжеткеннің мүрдесі табылды. Бұл жайтты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.
«30 қыркүйекте «102» арнасына Б.Майлин көшесінде қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 20 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Ізін суытпай аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?