«Жемқорларды сұлатады»: Антикор басшысының бокстасып жүрген видеосы тарады
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қазіргі төрағасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Асхат Жұмағалидің рингтегі жаттығуы желіде талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видео Жұмағали жаңа лауазымға тағайындала сала, яғни, 2024 жылдың 9 наурызында жарияланған. Бейненің авторы – адамдарға бокстан жеке жаттығу өткізетін Жасұлан есімді жаттықтырушы.
Ескі видео екеніне қарамастан, бейнежазба бүгін әлеуметтік желіде қызу талқыланып, таралып жатыр. Халық Асхат Жұмағалиден рингте емес, жемқорлар кабинетінде жеңіс күтетіндерін жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?