Астанада 19 жастағы жігітті қинап өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жіберген
Әлеуметтік желіде төрт адам 19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл жайлы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Оның сөзінше, төрт адам ұлын қинап өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда 102-ге ер адам өлі табылғаны туралы хабар түскен.
"Полицейлер оқиға орнына келіп, қаза тапқан адамның кім екенін анықтады. Алматы ауданының полиция басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – дейді полицейлер.
Сіздің реакцияңыз қандай?