«Жанама түрде Бағдат Мусиннің де кінәсі бар»: Талғардағы қанды оқиғаға қатысты тағы бір ақпарат шықты

Хасан Қасымбаев өзінің ар-намысы мен абыройын қорғау мақсатында сотқа арыз түсірген.

Қазан 14, 2024 - 16:51
Қазан 14, 2024 - 17:30
«Жанама түрде Бағдат Мусиннің де кінәсі бар»: Талғардағы қанды оқиғаға қатысты тағы бір ақпарат шықты

Алақандай ғана Талғар қаласындағы қанды оқиға қатысты ақпараттар күн өткен сайын өзгеріп жатыр. Әлеуметтік желілердің бірінде арты адам өлімімен аяқталған төбелестің бір бөтелке сырадан емес, нашар интернет баяланысынан шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Нақты айтар болсақ, дүкенге келушілер дер кезінде ақшасын төлеген, бірақ интернет байланысының нашарлығына байланысты аударым дер кезінде жасалмаған. Яғни келушілер дүкеншіге ақша аударғанын дәлелдей алмаған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Оқырмандарымыздың бірі Талғарда 16 жасар жасөспірім өлтірілген күні сыра  үшін төлем жасалғанын растайтын чектің скринін жіберді. Айтуынша, күдіктілер сусынның ақшасын төлеген, бірақ интернеттің нашарлығынан дүкен иелері транзакцияны көре алмаған. Мұның арты жанжалға ұласқан. Демек, болған оқиғаға жанама түрде Бағдат Мусин кінәлі», - деп жазған egovpress телеграм-арнасы.

Сондай-ақ, Талғар қаласын уысына ұстап отырған «Хутор бандиттері» қылмыстық тобына қатысты ақпараттар да өзгере бастады. Бұған дейін жергілікті тұрғындар өңірге ағайынды Қасымбаевтар басқаратын қылмыстық топ иелік ететіні айтылған еді.

Бүгін сол есімдердің ішінде жиі айтылып жүрген Хасан Қасымбаев өзінің ар-намысы мен абыройын қорғау мақсатында сотқа арыз түсіргені туралы ақпарат тарады. БАҚ беттерінде тараған ақпататтарға қарағанда қанды оқиға күні көз жұмған Шерзаттың әкесі бастаған бірнеше адамға қарсы арыз дайындап, Талғар аудандық сотына тапсырған.

Хасанның айтуынша, оның атына тағылған айыптар мен қоғамдағы әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ол қарапайым тұрмыстық төбелесті ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы қақтығыс ретінде көрсетуге тырысып жатыр деген пікірде. Касымбаевтың пікірінше, оны атышулы қылмыстық топпен байланыстыру негізсіз. Әлгі арызда ол ешқашан кісі өлтіруге қатысты жастарды көрмегенін, білмегенін және олардың әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ ол кез-келген қоғамдық алаңда, тіпті БАҚ арқылы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екенін баса айтқан.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow