«Тірі дейін десем – үйде жоқ, өлі дейін десем – бейіті жоқ»: Майқайыңда жоғалып кеткен құтқарушының отбасы билік уәде еткен өтемақыны әлі алмаған

Сәуір 3, 2024 - 11:56
Сәуір 3, 2024 - 11:58
«Тірі дейін десем – үйде жоқ, өлі дейін десем – бейіті жоқ»: Майқайыңда жоғалып кеткен құтқарушының отбасы билік уәде еткен өтемақыны әлі алмаған

Биыл қаңтарда Майқайың алтын кенішінде із-түссіз жоғалған құтқарушылардың бірінің отбасы билік уәде еткен өтемақыны әлі ала алмай жүргенін айтып шағымданды. Айдос Шаймерденнің жұбайы мен бес баласы көмек сұрап елордаға келген. Шағымға қатысты министрлік пікір білдірді, деп жазады sadaqmedia ақпарат порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап.  

«Іздестіру жұмыстарының тоқтатылғанына 39 күн, қайғылы оқиғадан бері 89 күн өтті. Балалар «әкем қайда?» деп сұрайды. Әкесі жоқ. Күні-түні көзімнің жасы құрғамайды. Күйеуімнің әкесі инсульт алды, ал енемнің қан қысымы бар. Олардың жалғыз ұлы жоғалып кетті. Оны тіпті жерлей алмай отырмыз», – дейді ашынған әйел.

Айта кету керек, құтқарушы Айдос Шәймерден мен жедел-құтқару жасағының жүргізушісі Айып Тілеубергеннің мәйіттері әлі табылған жоқ. Бірақ оларды өлдіге санамағандықтан, жақындарын да жәбірленуші тарапқа жатқызбайды. Арнайы сараптама және оның негізінде жасалған құтқару жоспары болмағандықтан іздеу жұмыстары тоқтап тұр.  Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Қазір зауыт пен кәсіптік әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі сараптамаға қатысы сауалды шешіп жатыр. Сондай-ақ олар сол жерде белгілі бір жұмыстарды жүргізіп, құтқарушылардың жұмысын жалғастыру қаншалықты қауіпсіз болатыны туралы қорытынды жасауы керек», – дейді Төтенше жағдай вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Айдос Шәймерденнің әпкесінің айтуынша, үкімет құтқарушының 12 жастағы ерекше күтімді қажет ететін қызына 10, екі жастағы баласына 10 миллион теңге өтемақы төленеді деп уәде берген. Алайда басқа құтқарушылардың отбасы материалдық өтемақы алса, Айдостың отбасына ақшалай көмек көрсетілмеген.  

«Майқайыңалтын» кеніші ресми өтініштер берілді, олар өтінішті қабылдады. Бірақ бір ай болды. Жауап жоқ. Тек «мәселе қарастырылып жатыр» деп құтылады», – дейді Айнаш Мәжиотва.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow