Президенттің қарындасына қырындаған жігіт қамауға алынды

Шілде 10, 2024 - 11:39
Шілде 10, 2024 - 11:39
Президенттің қарындасына қырындаған жігіт қамауға алынды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере қарындасы Ләззат Нұрқожаеваға желіні шулатып сөз салған Афтанділ Сабырбеков есірткі таратып, дайындады деген күдікпен ұсталды, деп жазады Orda.kz.

Ол Бішкек қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Сабырбековтың ұсталғанын растады.

Оның айтуынша, жас жігіттің мақсаты - өзінің заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктен «крыша» табу. Алагөзов күйеу жігіттің тікұшақпен үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін танымал болғанын да еске алды.

«Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті оған тікұшақпен тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің басты мақсаты оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін билік басынан жақын адамдарды табу («қорғау») деп айтуға толық негіз бар», – деп жазды Алагөзов.

Президент Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді кім жасағанын жасырмайды. Тергеу барысында бұрынғы күйеу жігіт пен оның сыбайластарының қылмыстық әрекеттерінің жай-жапсары анықталуда.

Тергеуді Қырғызстан ішкі істер министрлігінің бас тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Лаззат Нұрқожаеваға сүйіктісі 24 маусымда Оруу-Сай шатқалында ұсыныс жасаған еді. Бойжеткен ол жаққа ер адаммен бірге Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен барған. Бұл оқиға тұрғындар арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары президенттің туыстарының әрекетін қатаң сынға алған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow