Абай облысында көлемі жаңғақтай бұршақ жауып, үйлердің шатырын талқандап кетті (ВИДЕО)

Бұршақ диаметрі 40 мм.

Маусым 12, 2024 - 18:03
Маусым 12, 2024 - 18:13
Абай облысында көлемі жаңғақтай бұршақ жауып, үйлердің шатырын талқандап кетті (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Абай облысының Абай ауданында кенет күн бұзылып, жаңғақтың көлеміндей бұршақ жауды. Жергілікті тұрғындар бұршақ пен жаңбырды фото-видеоға түсіріп, желіде таратты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұрт бұршақтың көлемін жаңғақтай деп таңғалған. Тіпті үйлердің шатыр жабындысын да тесіп өткен. Ал құтқарушалыр аудан тұрғындарынан арыз-шағым болмағанын мәлім етті.

"Абай ауданында Құндызды және Көкбай ауылдық округтерінің аумағында ашық жерлерде бұршақ жауды. Бұршақ диаметрі 40 мм-ге дейін болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу жағдайлары бұзылмады. Зардап шеккендер тіркелгендер жоқ", - деді Абай облысы ТЖД азаматтық қорғау аға лейтенанты Бауыржан Болатбекұлы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow