«Арақ ішіңдер, сәләфиттер азайсын!» - Айгүл Орынбек

Мен орамалға оранып, намаз оқып жүрген болсам мейлі екен мені іштің деп сөгетін?! Ал Алла үйінде отырып, елге уағыз айтып жүрген адам ішкені бұл енді - қылмыс!

Шілде 27, 2024 - 17:11
Шілде 27, 2024 - 17:19
«Арақ ішіңдер, сәләфиттер азайсын!» - Айгүл Орынбек
Фото: Aigul Orynbek инстаграм парақшасынан

Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы түнгі клубтың алдында масаң күйде көлік айдап бара жатқанда ұсталған еді. Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Осы оқиғадан кейін бас имамның бұл қылығын сынағандардың қарасы көп болды. Солардың бірі заңгер - Айгүл Орынбек. Алайда Айгүл Орынбекке "өзің де ішімдік ішесің ғой" деп қарсы шыққандар табылыпты. Сынаймын деп өзі де сынның астында қалған заңгер фейсбук парақшасында пост жариялады. Айтуынша, Алла үйінде отырған имамға арақты татып алуға болмайды. 

“Бір имамды көріп қалыпсың, өзің де  ішесің ғой алқаш”, деп шарап ішіп отырған суретімді салып жіберіпті! Шарап ішкендер алқаш болса, оранып алып “минет жасау харам емес”, деп уағыз айтып жүргендер кімдер?
Иманнан жұрдай,  ауыздарың әжетхана болып кеткен шайтандар!

“Мен ішпеймін”, “Мен періштемін” деп айтып па едім сендерге?! Мен шарап ішетінімді осы желіге кіргелі бері жазып келемін!  Оны жасырмағам, жасырмаймын да!

Орамалға оранып аузыма Алланы алып елдің бәрін алдап, уағыз айтып сабақ сатып жүргенім жоқ! Сендер сияқты интернетте періште, өмірде шайтан емеспін! Мен орамалға оранып, намаз оқып жүрген болсам мейлі екен мені іштің деп сөгетін?! Ал Алла үйінде отырып, елге уағыз айтып жүрген адам ішкені бұл енді - қылмыс! Тіпті ішіп алып көлік айдағаны екі есе қылмыс! 

Мен шарап ішкенмін, іше де беремін, ішіп тұруға да кеңес беремін! Сол үшін алып қойыңдар, сәләфиттер азайсын!", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің мас күйде ұсталып, қамалуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow