Павлодарда тәрбиеші балалардың басынан кастрөлмен ұрған

Маусым 14, 2024 - 12:20
Маусым 14, 2024 - 12:24
Павлодарда тәрбиеші балалардың басынан кастрөлмен ұрған
Фото: guru.wildberries.ru

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерді деп айыпталып, жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде №16 балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы мекемеге шағымданып, жазба жариялаған.

Олардың сөзінше, 3-4 маусымда түсірілген видеодан тәрбиеленушілердің бірі балалардың басынан кәстрөлмен ұрған. Бұл топқа бір жастан екі жасқа дейінгі, әлі тілі шықпаған балалар баратын болып шықты.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері тәрбиеші кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Қалалық білім бөлімінің мамандары да қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow