Ақтөбеде тарихи тұлғалар жерленген қорым ішімдік ішетін жерге айналған
Ақтөбеде тарихи тұлғалар жерленген ескі қорымның іші күл-қоқысқа толған. Тіпті кәуап пісіріп, ішімдік ішетін жерге айналған, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ескі қорымда жырау Нұрпейіс Байғанин, дәрігер Халида Маманова, қазақтың тұңғыш заңгері Бақытжан Қаратаев жерленген екен. Соғыс жылдарында көз жұмған сарбаздардың да сүйегі көмілген дейді.
Зираттың күтіміне жауапты компанияның өкілдері ескі молада сығандар көп жерленгенін, олар көз жұмған кісінің басына жиналып ас әзірлеп, дұға жасайды екен. Осылайша, марқұм болған жанды еске алады.
Әкімдік өкілдері ескі моланы қоршап, бос жерлерді өзге адамдарға бермеуге күш саламыз дейді. Сондай-ақ тарихи тұлғалар жатқан зиратты тазалап, зиярат етушілерге жағдай жасау жоспарланған.
Сіздің реакцияңыз қандай?