Астанадағы мектептердің бірінен қыз баланың денесі табылды

Қыркүйек 11, 2024 - 15:19
Қыркүйек 11, 2024 - 16:10
Астанадағы мектептердің бірінен қыз баланың денесі табылды

Астанада мектептің жанынан қыз бала өлі табылды.

Оқиға 10 қыркүйекте болған. Жергілікті тұрғындардың бірі мәйітің мектептен 50 қадам жерде табылғанын жазған. 

Жазба авторының сөзінше, қаза тапқан - 2010 жылғы қыз болуы мүмкін.

Кейіннен 14 жастағы оқушының денесі мектеп емес Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылғаны анықталды. Полицияның айтуынша, қараусыз қалған ғимараттан қыз №16 орта мектептің оқушысы болған.

"Кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында. 

Оқу-ағарту министрлігі ақпаратты анықтап, мәліметтерді кейінірек беретінін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow