Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды

АҚШ-та тұратын 25 жастағы Динараны Қостанай қаласынан 6 жасында асырап алған. Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді.

Қазан 6, 2024 - 22:01
Қазан 6, 2024 - 22:01
Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, қаза тапты. Қаралы хабарды журналист Жанар Байсеміз мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ… Неткен өкініш… Неткен қасірет… Динара, кешір мені, кеш бізді… Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің… Қош бол, Жарық Күн”, – деп жазды ол. 

АҚШ-та тұратын 25 жастағы Динараны Қостанай қаласынан 6 жасында асырап алған. Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді. 

Айта кетейік, 1999-2012 жылдар аралығында қазақстандық балаларды көптеген америкалық отбасылар асырап алған еді. Бейресми деректер бойынша, осы уақыт ішінде АҚШ-та Қазақстаннан 10 мың бала асырап алынған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar Baisemiz (@janar_baisemiz)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow