Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жарасмыз болып қалды

Шілде 1, 2024 - 10:43
Шілде 1, 2024 - 10:44
Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жарасмыз болып қалды

QR-код арқылы жұмыс істейтін модульді дәретханаларда ақаулар пайда болған. 

Жергілікті Lada.kz сайтының жазуынша, қазіргі уақытта Ақтаудағы 12 әжетқананың барлығы жұмыс істемей тұр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде түсіндіргендей, техникалық ақауларға байланысты QR-код жұмыс істемейді.

«Осы себепті QR-код арқылы кіретін дәретханалар уақытша жабылды. Қазіргі уақытта мамандар қателіктерді түзету үстінде. Жақын арада барлық ақаулар жойылады деп сендірді шенеуніктер. Билік қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстап, гигиена заттарын қажетіне қарай пайдалануды, қалалық мүлікке зиян келтірмеуді сұрайды», - делінген ақпарат агенттігінің жазбасында.

Бұған дейін Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі модульдік дәретханалардың жалпы сомасы 87 млн теңге екенін мәлімдеген еді. Әр дәретхананың құны 12 200 000 мың теңгені құраған. Ал 26 млн теңге көлеміндегі қалған қаражат инфрақұрылымды(су, электрмен жабдықтау және су бұру) жүргізуге бағытталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow