Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған шығарма табылды

Тамыз 28, 2024 - 10:44
Тамыз 28, 2024 - 10:58
Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған шығарма табылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған. Аталған тарихи мұраны Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтаған.

Министрлік қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow