«Омар Жәлел Бишімбаевтан жүз есе қауіпті» – кәсіпкер Ахметбек Нұрсила

Омар қоғамда «Қыз бала маркер, қолданған соң лақтыра сал» деген құндылықты сыналай сіңірді.

Мамыр 21, 2024 - 17:48
Мамыр 21, 2024 - 17:49
«Омар Жәлел Бишімбаевтан жүз есе қауіпті» – кәсіпкер Ахметбек Нұрсила
Коллаж: sadaqmedia.kz

Белгілі кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила көпшілікке ойсаларлық сауал қойды. Оның пайымдауынша, қоғамға экс-министр Қуандық Бишімтан гөрі, Омар Жәлел қауіпті, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қоғамға Омар Жәлел қауіпті ме, Бишимбаев қауіпті ме? Омар Жәлел жүз есе қауіпті…

Омар қоғамға қаншама жүйкесі бұзылған әке тәрбиесін көрмей өскен тірі жетім балаларды қосты!

Омар қоғамда «Қыз бала маркер, қолданған соң лақтыра сал» деген құндылықты сыналай сіңірді.

Омар қанша әйелді бала тапқызып, лақтырып тастау арқылы тірідей өлтірді. Омарды тыңдайтын мыңдаған жастарды өз құндылығымен санасын улап жатыр. Тағы не қосуға болады?», - деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow