«Алла сақтасын»: Бас мүфти имамдардан ақша жинамағанын мәлімдеді

Қазан 8, 2024 - 14:58
«Алла сақтасын»: Бас мүфти имамдардан ақша жинамағанын мәлімдеді
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары кезінде жергілікті имамдардан ақша жинатты деген мәлімет туралы пікір білдірді.

«Ол мәселе бойынша қазір жұмыс жүріп жатыр. Арнайы комиссия барып, тексереді. Кейін соның қорытындысын жариялап айтамыз. Ол жөнінде Түркістан облысының бас имамы ақпарат беттерінде өзінің жауабын айтты. Дегенмен, біз мүфтияттан арнайы комиссия жіберіп, ол ақпараттың ақ қарасын анықтаймыз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысынан кейін.

Мүфти өз басы ешкімге іссапарға байланысты ақша жинау туралы нұсқау, тапсырма бермегенін айтады.

«Алла сақтасын! Ондай болмайды да, болмаған да», - деді ҚМДБ төрағасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow