Рыбакина мен Путинцева Канадада өтетін жарысқа қатыса ма?

Федарация баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын тізімге енген спортшылардың есімі турнирлер жүйесінен дереу алынып тасталмайды.

Тамыз 7, 2024 - 12:03
Тамыз 7, 2024 - 12:04
Рыбакина мен Путинцева Канадада өтетін жарысқа қатыса ма?
Фото: ҚТФ

Париж Олимпиадасынан бас тартқан қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Канадада өтетін жарысқа да қатыспайды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ҚР Теннис Федерациясы Azattyq Rýhy-ның сауалына жауап беру кезінде мәлімдеді.

"Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Торонтода іріктеуден басталған турнирде ойнайды деген жалған ақпарат пайда болды. Өкінішке қарай, біздің кейбір әріптестеріміз ақпаратты тексеруден гөрі хайпты артық көріп, қоғамға жалған ақпарат таратып отыр. ҚТФ баспасөз қызметінің басшысы ретінде Путинцева мен Рыбакина Торонтоға барып, ойын көрсетпейтінін айтқым келеді", - делінген хабарламада.

Федарация баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын тізімге енген спортшылардың есімі турнирлер жүйесінен дереу алынып тасталмайды.

"Сондықтан олардың аты WTA сайттарында және әр түрлі платформада сақталуы мүмкін. Неліктен екені белгісіз, спортшының атын алып тастау ұзақ уақытты алады", - деді федерациядан. 

Еске салсақ, екі спортшы да бұған дейін Париж Олимпиадасына ауырып қалғандарына байланысты қатыспаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow