«Есінен танып қалған»: Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті

Шілде 12, 2024 - 23:19
Шілде 12, 2024 - 23:20
«Есінен танып қалған»: Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті

14 шілдеге жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михаилович арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.

«Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичпен ертең кешке болатын өтетін жекпе-жегі өтпейтін болды. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалуына байланысты ауруханаға жатқызылды», — деп жазды Talksport.com журналисі, инсайдер Майкл Бенсон Туиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасына. Боксшы бірден Spring Valley госпиталінің медициналық орталығына жеткізілген.

Енді 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды.

Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.

WBO және IBF ұйымдарының ресми мәлімдемесі кейіннен шығады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow