«Алалағандай болдық»: Белгілі заңгер Олимпиададан күміс алған Нариманға ештеңе бермегендерге ренжіді

Сол жетістік тақиямызға тар кеп тұр ма? Айналдырған 7 медаль, өзі.

Тамыз 12, 2024 - 17:53
Тамыз 12, 2024 - 17:54
«Алалағандай болдық»: Белгілі заңгер Олимпиададан күміс алған Нариманға ештеңе бермегендерге ренжіді

Қазақстандық заңгер Ләззат Ахатова Париж Олимпидасынан күміс медаль әкелген гимнаст жігіт Нариман Құрбановтың сыйлықсыз қалғанына ренжіді. Бұл туралы Ләззат Ахатова әлеуметтік желісіндегі парақшада мәлімдеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Медаль алмағандарға да көлік сыйлап жатқан жомарт қазақ, қоланы алтынға бергісіз етіп, қарсы алып жатқан қазақ, тіпті 9-орын алып келген спортшыға Астанадан пәтер беріп жатқан қазақ, бір Нариманға келгенде, тарылғандары қынжылтты", деп жазды Ләззат Ахатова.

Оның айтуынша, спортшы елімізге күміс сыйлап, гимнастикадан тарихи жетістікке жетті.

"Сол жетістік тақиямызға тар кеп тұр ма? Айналдырған 7 медаль, өзі. Ұлтына қарап, алалағандай болдық қой, ұят болды..Атымызға, елдігімізге сын болды. Қазаққа күйеу бала болады екен, легионер емес, өзіміздің бала ғой. Туымызды арқасына жамылып, мәз боп жүрді, олимпиада төрінде. Біздің қазақта жомарт азаматтар аз емес, әлі де басқаларға көрсеткен сый-құрметті жасауға кеш емес. Ұят болмасын, ағайын", - деді заңгер. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow