Ақмола облысында екі шенеунік төбелесіп қалды
Әрқайсысына 55 380 сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.
Аудандық әкімдік ғимаратында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалған. Екі шенеуніктің жанжалы өзара ерегісен басталған. Кейін кәдімігі төбелеске ұласқан дейді дерек көздері.
Шілдеде Ақмола облысы Шортанды аудандық соты бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарады.
Сотта жанжалға түскен тараптар кінәларын мойындамады.
«Сот қаулысымен сотталушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 55 380 сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды», - деді сот.
Сіздің реакцияңыз қандай?