Білім грантын жеңген талапкерлер әлеуметтік желіде қуанышты сәттерін бөлісті

Еліміз бойынша грант саны 94 мыңнан асады.

Тамыз 3, 2024 - 21:06
Тамыз 3, 2024 - 21:06
Білім грантын жеңген талапкерлер әлеуметтік желіде қуанышты сәттерін бөлісті
фото: видеодан скриншот

Бүгін елімізде 2024-2025 жылғы оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бүгінде астаналық талапкерлер грант тізімінен өздерінің аты-жөнін көріп, отбасыларымен бірге қуанышты сәтті бөлісіп отыр. Биыл Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныбын 11 133 түлек бітірген болатын. Оның 294-і – «Алтын белгі», 704-і – үздік аттестат иегері, - делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Жалпы, еліміз бойынша грант саны 94 мыңнан асады. Оның ішінде 78 мың грант бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow