AirAstana ұшағының екі жолаушысы тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

Мамыр 2, 2024 - 09:39
Мамыр 2, 2024 - 09:40
AirAstana ұшағының екі жолаушысы тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

Жолаушылардың айтуынша, Алматыдан Оралға бақыт алған рейс кезінде екі жолаушының дене қызуы көтеріліп, құсқан, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік ер адам мен әйел өзін нашар сезінген соң ұшақ қонғаннан кейін санитарлық эпидемиологтар бортқа көтеріліп тексерген.

“Бізді екі сағат бойы ұшақтан шығармады. Кейін барлық жолаушыны жіберді”, – деді сондағы әйедердің бірі. 

Оралдағы облыстық жүұпалы аурулар ауруханасы екі науқастың келіп түскенін растады. 

“Түнде бізге Ресейдің екі азаматын жеткізілді. Анамнез, эпидемиологиялық анамнез және клиникалық тексеруден кейін олардан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы өздерінің тұрғылықты жеріне аттанып кетті”, – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Бұған дейін "AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы Алматыдан ұшар алдында есірткі тұтынғаны үшін ұсталған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow