Рамазан айында жолаушыға ораза тұтпауына бола ма?

Рамазанға 18 күн қалды

Ақпан 21, 2024 - 14:46
Ақпан 21, 2024 - 14:50
Рамазан айында жолаушыға ораза тұтпауына бола ма?
shutterstock.com

Сұрақ: Рамазан айында жолаушыға ораза тұтпауына бола ма?

Жауап: Алыс жолға шыққан (шамамен 90 шақырым) жолаушыға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі [1].

Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін» [2]. Егер жолаушы сәресін ішіп, таң атқаннан кейін жолға шықса, онда сол күннің оразасын бұзуға болмайды. Өйткені ол оразасын тұрғылықты кезінде бастап қойған. Оны өз еркімен бұза алмайды. Егер жолға шықпай жатып аузын ашса, оразаның қазасымен қоса кәффаратын өтейді. Ал сапарда аузын ашып қойған жағдайда тек оразаның қазасын өтейді [3]. Сол үшін ораза ұстауға әрекетін жасамай таң атпай жатып жолға шығу керек.

[1] «Фәтху әл-қадир», 2/356.

 [2] «Бақара» сүресі, 184-аят.

[3] Абдулхамид Махмуд Туһмаз, «әл-фиқһ әл-ханафи фи сәубиһи әл-жәдид», 1/437.

muftyat.kz сайтынан 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow